Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік концерт өтті

Маңғыстауда Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік концерт өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым — Қазақстан полициясы күніне орай Маңғыстау облысында салтанатты концерт ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етілді. Олардың туған-туыстары да салтанатты жиынға арнайы шақырылды. Облыс әкімі өз сөзінде қаза тапқан әрбір полицейдің есімі ел есінде мәңгі қалуы тиіс екенін атап өтіп, олардың құрметіне Маңғыстау өңірінің елді мекендерінде көше аттары берілетінін хабарлады.

Мереке аясында тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды. Бұл – ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Сондай-ақ концертте полиция қызметкерлері өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті – патриоттық әндер шырқалып, сахналық көріністер мен өнер көрсетілімдері ұсынылды.

Мерекелік шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің еңбегіне алғыс білдіру, олардың қоғамдағы маңызын көрсету және азаматтық қоғаммен байланысты одан әрі нығайту болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру