Маңғыстауда ҚАЖ департаментінде жедел-қызметтік кеңес өтті
Маңғыстауда ҚАЖ департаментінде жедел-қызметтік кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде департамент бастығы, Руслан Уразбаевтың төрағалығымен биылғы тоғыз айдағы жедел-қызметтік атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Кеңеске департамент басшылығы, мекемелердің, қызметтер мен бөлімдердің бастықтары, сондай-ақ жеке құрам қатысты. Отырыста департаменттің қызмет нәтижелері қаралып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен нақты міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар ведомство басшысы жеке құрамға Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтылған негізгі тапсырмалар мен нұсқауларды жеткізіп, оларды сапалы орындаудың маңызын атап өтті.
Мекеме және бөлім басшыларына қызметтік тәртіпті нығайту, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.