Маңғыстауда ҚАЖД мекемелерінің кітапханалары жүздеген жаңа кітаппен толықты
Маңғыстауда ҚАЖД мекемелерінің кітапханалары жүздеген жаңа кітаппен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелерінің кітапханалары жүздеген жаңа кітаппен толықтырылды. Қоныс колониясы мен тергеу изоляторында әлемнен оқшаулауған уақытты өткізуге арналған барлық нәрсе бар – психология, әлемдік және отандық классика, детективтер және ғылыми фантастика кітаптары.
Азамат Абдумұратов бір жыл ішінде 30 кітап оқыды. 40 жастағы ер адамның қызығушылығы әртүрлі жанрдағы кітаптар. Соңғы кездері Қазақстан тарихы мен отандық жазушылардың кітаптары ерекше қызығушылық танытуда.
– Соңғы уақытта мен кітаптарды бағалай бастадым. Оқу арқылы мен білім деңгейімді арттырамын. Мұнда алғаш рет Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығымен таныстым. Ендігі кезекте мен «Абай жолын» оқуды бастаймын. Мұхтар Әуезовтің қазақ ақынының өмірін суреттейтін роман-эпопеясын оқуды армандаған едім, – дейді Азамат Абдумұратов.
Бір қызығы, кітап оқитын сотталғандар туыстарымен бейне байланыс арқылы жиі сөйлесе алады. Тергеу изоляторында сөйлесуге болатын арнайы бөлме бар. Бұл әдісті білім беру мақсатында мекеме қызметкерлері бірнеше жылдан бері қолданып келеді.
– Кітапхана ай сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Оларды жергілікті тұрғындар да жинайды. Қайырымдылық ұйымдары арқылы пробация қызметінің мамандарына береді. Ал олар бізге алып келеді. Қорда төрт мыңға жуық кітап бар. Біздің кітапханаға тек жазасын өтеушілер ғана емес, сонымен қатар біздің қызметкерлер де келеді. «Әлемдегі ең үздік кинозал – бұл ми, оны жақсы кітап оқығанда түсінесің» деген сөз бекер айтылмаған, – дейді ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Есболат Ағлепесұлы.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің аға инспекторы Ғабит Чутабековтың айтуынша, кітаптар сотталғандарға өз білімдерін кеңейтуге көмектеседі.
– Сотталғандар аспазшы, сылаушы, ағаш шебері боп жұмыс істейді. Әрине, олар осы мамандықтардағы білімдерін тереңдеткісі келеді. Олар бізге нақты кітаптарды сұрап, өтініш жасайды. Мысалы, жақында маған компьютерлік сауаттылықты, бағдарламалау негіздерін, дербес компьютерді пайдалану негіздерін білгісі келетін бірнеше сотталғандар жүгінді. Біз бұл кітаптарды тауып, ұсындық, – дейді Г. Чутабеков.