Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда қоғамдық қауіпсіздік сервистік модель арқылы қамтамасыз етілуде

Маңғыстауда қоғамдық қауіпсіздік сервистік модель арқылы қамтамасыз етілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сервиске бағдарланған полиция қызметі – полиция мен қоғамға ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік тәсілдерді енгізу тұжырымдамасын іске асыру бағыты бойынша сервистік полиция моделінің аналитикалық-жұмысшы тобы жұмыс жасауда.

«Қадамдық қолжетімділік» принципі бойынша полицияға жүгіну процесін қолжетімді ету мақсатында құрылған құқық бұзушылықтардың алдын алуға құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерінің көмегіне бүгінде 105 азамат жүгінді. Негізгі сұрақтар бейнебақылау, жарық шамдары, жазғы демалыс кезіндегі жеткіншектердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Аталған мәселелер Маңғыстау облысындағы сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерімен қарастырылып, тиісті органдарға шаралар қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұсыныстар енгізу негізінде халықпен кездесу жұмыстары жүргізіліп, 750 сауалнама алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру