Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы қорытындыланды

12-18 наурыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға 875 қызметкер,162 дана автокөлік жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары 1370 үй-жайды, 782 жалға берілетін пәтерді аралап, тексеру жүргізді. Осы іс-шара аясында профиактикалық есепке алынған 2772 тұлға тексеріліп, олардың 11-інің белгіленген шектеулерді бұзғаны анықталды.

12-18 наурыз аралығында өңір аумағында 4864 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ұсақ бұзақылық жасаған 575 тұлға анықталса, спиртті ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 545 дерегі тіркелді. Тыныштықты бұзған азаматтарға қатысты 446 әкімшілік хаттама толтырылып, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 540 дерегі анықталды.

Қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 1144 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылса, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамаған 722 жүргізуші жауапқа тартылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру