Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда қызмет бабында қаза тапқан тергеушінің әйеліне медаль табысталды

Маңғыстауда қызмет бабында қаза тапқан тергеушінің әйеліне медаль табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр жыл 6 сәуір күні тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Қазақстан Республикасы тергеу қызметінің 60 жыл толуына орай Маңғыстау облысы ПД басшылығы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан тергеуші, милиция капитаны Асиса Исановтың отбасына барды.

Маңғыстау облыстық ПД бастығының орынбасары Байжан Байгелді қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу кезінде қарсылық көрсеткен қылмыскердің қолынан қаза тапқан марқұм тергеушінің жолдасы Исанова Жұпарға «Қазақстан Республикасы Тергеу қызметіне 60 жыл» медалін табыстады.

Асиса Исанов – 1960 жылы 3 наурызда дүниеге келген. Ішкі істер органындағы еңбек жолын 1980 жылы қаңтар айында бастаған. 1995 жылы 8 маусымда қызмет бабында қаза тапқан. Бүгін де жары Жұпар – үш баланың батыр анасы, он немеренің бақытты әжесі. Немерелерінің арасында атасының ізін жалғастырғысы келетіндер жоқ емес.

Жұпар Исанова ұмыт қалдырмай, уақыттарын арнап келген полиция департаменті басшылығына алғысын білдірді. Сондай-ақ барлық тергеушілерді мерекемен құттықтап, оларға қиын да ауыр қызмет бабында шыдамдылық пен сабырлық және жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру