Маңғыстауда сервистік полиция моделі бойынша ведомствоаралық топқа сұрақтарымен 70 тұрғын жүгінді
Маңғыстауда сервистік полиция моделі бойынша ведомствоаралық топқа сұрақтарымен 70 тұрғын жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» атты халыққа үндеуіндегі тапсырмалары бойынша Маңғыстау облысында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде, қоғаммен тікелей тығыз қарым-қатынасқа бағытталған полиция қызметінің сервистік моделін айқын атап өтуге болады. Осының аясында Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі топ, сондай-ақ оның аналитикалық-жұмысшы тобы құрылды.
Ведомствоаралық топ тек ішкі істер органдары өкілдерінен емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға құзыреттік берілген мемлекеттік органдардан құрылған. Атап айтсақ, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жұртшылық өкілдері. Әр топ 16 адамнан тұрады.
Жобаны іске асыру үшін Ақтау қаласы бойынша 3 криминогендік шағын аудан анықталды.
Қазіргі уақытта қоғаммен диалог орнату мақсатында тұрғындармен, ПИК, бизнес, күзет ұйымдарының, білім беру және спорт мекемелерінің өкілдерімен ашық кездесулер өткізілуде.
Бірлескен іс-шараларға еріктілерді де тарту бойынша жұмыстар атқарылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл – бұл өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес және халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын білдіретін уйымдастырушылық стратегия.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысындағы Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топпен 70 адам қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға шара қабылдау үшін жолданды.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұсыныстар енгізу мақсатында 1,4,5 шағын аудандарында халықпен кездесу жұмыстары жүргізіліп, 560 сауалнама алынды.
Мұндай топтың болуы тұрғындар үшін тиімді. Өйткені олар полиция ғимаратына бармай-ақ, осы жақта полиция мен әр саладан бірлескен мамандардың көмектеріне жүгіну арқылы мәселелерін тез шешуіне болады. Полицияның күнделікті қызметінен бөлек, бұл топ халықпен өте тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бұл “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдасының іске асырылып жатқандығының көрінісі деп білуге болады.