Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда соңғы қоңырау күні қоғамдық тәртіпті сақтауға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылды

Маңғыстауда соңғы қоңырау күні қоғамдық тәртіпті сақтауға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті арттыру мақсатында қосымша шаралар қабылдады.

25 мамыр күні өңірдің барлық білім беру мекемелерінде салтанатты жиындар өтті. Қоғамдық тәртіпті сақтау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды өткізу кезінде облыстың ішкі істер органдарының 500-ден астам қызметкері жұмылдырылды.

Күшейтілген жұмыс нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК бойынша көптеген құқық бұзушылықтар анықтады.

Ақтау қаласы бойынша полиция қызметкерлері 20 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жеті дерек бойынша автокөлік айып тұраққа жабылып, 13-і әкімшілік заңнаманы бұзу бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жаңаөзен қаласының полициясы жүргізушілерге қатысты 70-тен астам құқық бұзушылық фактісін тіркеді. Көлік құралдарының 76 жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 16 автокөлік айыптұраққа жабылды.

Қарақия полицейлері бес автокөлік жүргізушісін жауапкершілікке тартты, олар бойынша хаттама толтырылып, екі автокөлік айып тұрағына қамалды.

Облыстық Полиция департаменті ата-аналарды немесе заңды өкілдерді жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін кәмелетке толмағандардың ішімдік ішпеуін қамтамасыз етуге шақырады.

Ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаев осыдан бұрын өңірдегі оқу орындарында қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін атап өткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру