Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Маңғыстауда сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі Амал мерекесіне орай сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Үлкен спорт кешенінде үш команда жарысқа түсті: «Ақтау», «Сұңқар» және «Қайсар» командалары.

Мекеме басшысы Дастан Әбдрахман Амал мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде І орынды «Сұңқар» командасы жеңіп алса, ІІ мен ІІІ орынды «Ақтау» мен «Қайсар» командалары иеленді. Сонымен бірге, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Б.Расмагамбетов, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Н.Супалиев, «Үздік қақпашы» номинациясымен Н.Садабаев, «Үздік сұрмерген» номинациясымен Р.Муханов марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру