Маңғыстауда түрмеден босап шыққан сотталған мекеме қызметкерлеріне алғыс білдірді
Маңғыстауда түрмеден босап шыққан сотталған мекеме қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды.
Сотталған С. жаза мерзімі аяқталғаннан кейін мекемеден босап шықты. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері сотталғанға профилактикалық сұхбаттар жүргізді, оның құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірілді.
– Мекеменің әкімшілігі сотталған азаматты түзеу мақсатында оның қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық талаптарына негізделген еркін өмірге қайта оралуына ықпалын тигізеді, – дейді жасақ бастығы А.Ақпанбет.
Сотталған басқа аймақта тұратындықтан мекеменің жасақ басшылары оны теміржол вокзалына шығарып салды. Тамақпен қамтамасыз етіп, пойызға отырғызып жіберді. Босап шыққан С. мекеме қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.