Маңғыстауда «Учаске» ЖПІШ барысында 80 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді
Маңғыстау облысы аумағында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның 17 күнінде учаскелік полицейлер өңір бойынша барлығы 82 141 пәтер мен жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 746 шаруа қожалығын тексерді.
Тұрақты жері жоқ 102 тұлға анықталып, қабылдап-тарату орнына жеткізілді.
Тексерілген 1581 азаматтық қарудың ішінде алты қарудың заңсыз екені анықталды.
Полиция департаментінде 3134 тұлға профилактикалық есепте тұрады. Олардың әрқайсысымен күнделікті негізде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түрлі сипаттағы 5436 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, Ақтау қаласы полиция басқармасы қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалау, тарату деректері бойынша 57 қылмысқа тосқауыл қойды.