Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда заңсыз балық аулағандар қолға түсті

Маңғыстауда заңсыз балық аулағандар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақшұқыр ауданында іс-шаралар өткізу барысында Toyota LandCruiser-100 және Toyota Estima автокөліктерінде ер адамдар ұсталды.

Тексеру барысында алғашқысынан үш, Toyota Estima автокөлігінен 28 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Аталған деректер бойынша Полиция департаменті ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру