Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында ақпараттық кездесулер өтті

Маңғыстауда жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында ақпараттық кездесулер өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және есірткіге қарсы профилактиканы күшейту мақсатында прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың бірлесуімен  ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды.

Ш. Есенов атындағы университетте өткен алғашқы шара TEDx форматында өткізіліп, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталды. Спикерлер адалдық, цифрлық қауіпсіздік, бейнебақылау жүйелерін дамыту және есірткімен күресте тәрбиенің рөлі жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады.

Екінші кездесу "Қаражанбасмұнай" АҚ-да өтіп, қызметкерлерге есірткі және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу туралы кең көлемді ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері мен психологтар өңірдегі жағдай, тәуелділіктің себептері, ерте профилактиканың маңызы және лудоманияның алдын алу жолдарын түсіндірді.

Екі шара да Маңғыстауда қауіпсіз және құқықтық мәдениеті жоғары қоғам қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру