Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жазасын өтеушілер концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Маңғыстауда жазасын өтеушілер концерттік бағдарлама ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінде көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі - Халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Мекемеде жазасын өтеушілер концерттік бағдарлама ұсынды. Сахнада сотталғандар ана туралы әндер шырқап, би өнерін паш етті.

- Сотталғандардың тәрбие жұмысын жетілдіру үшін мекемеде спорттық, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Осында жазасын өтеушілер мерекелік іс-шараларға белсенді түрде қатысады, - дейді мекеменің жасақ бастығы Ербол Сәрсенбаев.

Шараның басты мақсаты - жасақтарда ұйымшылдық, бір-біріне деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыру.

Осы күні барлық құттықтаулар, әндер, билер нәзік жандарға арналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру