Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды

Маңғыстау облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Үлгілі жүргізуші – 2025" акциясы өткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін мінсіз сақтап, тәртібімен өзгелерге үлгі болып жүрген автокөлік жүргізушілерін анықтап, оларға алғыстарын білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, акция барысында биыл 10-нан астам жүргізуші қауіпсіздік талаптарын жоғары деңгейде сақтағаны үшін марапатталды.

Іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерді кездейсоқ тоқтатып, құжаттарын тексеріп, мінсіз жүргізу тәжірибесі бар азаматтарға символикалық сыйлықтар мен департамент бастығының алғыс хаттарын табыстады. Марапатталғандардың қатарында ондаған жыл бойы жол үстінде жүріп, бірде-бір рет ереже бұзбаған жүргізушілер бар.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің жауапкершілігіне, тәртібі мен өзгеге деген құрметіне байланысты. Осындай үлгілі азаматтарды қолдау — жастарға жолда өзін дұрыс ұстауға үлгі көрсетуге бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру