Маңғыстауда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 70 мыңнан астам дерегі анықталды
Маңғыстауда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 70 мыңнан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы сегіз айда Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторларымен 70 216 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде телефонды пайдаланған – 7 471 жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамаған – 13 685 жүргізушіге хаттамалар жасақталған.
ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша барлығы 3 558 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 591 жүргізуші анықталды. Қарсы қозғалыс жолағына 50 жүргізуші шыққан. Сондай-ақ, көптеген басқа жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды.
Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін үш айда 926 автоәуесқойға әкімшілік хаттама жасақталды.
Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 6 989 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.