Маңғыстауда жүк көліктеріне тексеріс жүргізілді
Маңғыстауда жүк көліктеріне тексеріс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімімен облыс көлеміндегі республикалық және облыстық маңыздағы автомобиль жолдарында тиісті рұқсатсыз, заңсыз қайтадан жабдықталған, жүк тасымалымен айналасып жүрген жүк автокөліктері тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 20 жүк автокөлігі тексеріліп, рұқсатсыз қайта жабдықталған екі жүк көлігі анықталды. Аталған көлік жүргізушісінің әрқайсысына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-тармағын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасақталып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бір жүргізушіге әкімшілік кодекстің 612-бабының 2-тармағына сәйкес, әкімшілік хаттама жасақталып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынатын болады.