Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жұмысқа орналастырамын деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Маңғыстауда жұмысқа орналастырамын деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өткен жылдың желтоқсан айында Т. есімді азамат жұмысқа кіргізіп беремін деп 28 жастағы тұрғыннан 1,1 млн теңге ақша алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған. Сондай-ақ, алаяқ тағы бір жергілікті тұрғынды осы жылдың ақпан айында алдап, сол сомадағы ақшасын қолды қылған. Бұл бойынша жәбірленушілер полицияға арызданды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен бұл дерекке қатысы бар 34 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз әрекетін толықтай мойындады.

Қазіргі кезде бұл іс бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру