Маңғыстауда жыл басынан бері 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Маңғыстауда жыл басынан бері 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тәртіп сақшыларымен қоғамдық тәртіп және халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті негізде рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Облыста осы жылдың басынан бері барлығы 12 477 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болған 3342 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар, 1053 тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған қоғамдық жерлерде темекі тартқан 185 құқық бұзушы анықталды.
Облыста полицейлермен 2674 тыныштықты бұзу дерегі тіркелді. Ал 841 тұлға ҚР ӘҚБтК-тің 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 65%-ға азайған. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактісімен 4382 құқық бұзушылық жасалғаны белгілі болды.