Маңғыстауда жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 233 жүргізуші анықталды
Маңғыстауда жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 233 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер жолда ұсақ бұзушылықтардан бастап, қызыл түске өту және мас күйінде көлік жүргізу сияқты өрескел бұзушылықтарға дейін жол береді. 2023 жылдың үш айында Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторларымен 25 146 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде телефон пайдаланған – 2843 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын сақтамаған 5142 жүргізушіге хаттама жасақталған.
ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша барлығы 2521 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде көлігін құжатсыз басқарған – 1729, мүлдем жүргізуші көлігін алмастан көлік тізгіндеген – 614, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы бойынша 35 адам жауапқа тартылды. Осы аралықта мас күйде көлік басқарған 233 жүргізуші анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 454 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолағына 22 жүргізуші шықты. Сондай-ақ басқа жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге, әсіресе тәуліктің қараңғы мезгілінде мұқият болу керектігін ескертеді. Жаяу жүргіншілер өтпеліне жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету қажет, әсіресе балалардың күтпеген жерден келуі мүмкін жерлерде сақ болу қажет. Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін үш айда 382 автоәуесқойға әкімшілік хаттама жасақталды. Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 2819 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.