Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаудың бас полицейі арнайы мемлекеттік мұрағат пен заттай айғақтарды сақтау камерасын тексерді

Маңғыстау облысының ПД бастығы арнайы мемлекеттік мұрағат пен айғақ заттарды сақтау камерасын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың қаңтар айында Ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Департамент басшыларына арнайы мемлекеттік мұрағат пен заттай айғақтарды сақтау камераларын тексеріп, оларда сақталған құжаттар мен заттардың жай-күйіне ерекше назар аудару туралы тапсырма берді.

Маңғыстау облысының Полиция департаментінде заттай айғақтарды сақтау камерасы стеллаждармен, металл шкафтармен, күзет және өртке қарсы сигнализациямен және өзге де барлық қажетті заттармен толық жабдықталған.

Департамент бастығы арнайы мемлекеттік мұрағатты тексеру барысында тізімдегі құжаттардың бар-жоғына, сондай-ақ оларды сақтау жағдайларына ерекше көңіл бөлді.

– Мұндай тексерулерді жиі өткізіп тұру қажет деп ойлаймын. Үлкен кемшіліктер жоқ, ал мұндай тексерістер ұсақ қателіктерге де жол бермеуге септігін тигізеді, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру