Маңғыстаудың бас полицейі азаматтарды онлайн форматта қабылдады
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев ZOOM платформасы арқылы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында сенім деңгейін арттыру.
Департамент бастығының қабылдауына он азамат келді. Облыс тұрғындары басшыға автокөлікті тіркеу, алаяқтық деректері, қызметке орналасу сияқты мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.
Жүгінген азаматтардың барлық сұрақтарына білікті жауаптар берілді.
Келіп түскен сұрақтарды саралай келе Ж.Бақтыбаев қызмет басшыларына алдағы уақытта мұндай мәселелердің туындауына жол бермеу үшін шаралар қабылдау туралы нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ ол қосымша зерделеуді қажет ететін материалдарды жеке бақылауына алды.