Маңғыстаулық егіз полицейлер өз таңдауларын жасады
Маңғыстау облысы полиция департаментінде қызмет атқаратын егіз ағайынды полицейлер – Ақәділ және Нұрәділ Сейітхасандар елімізде өткізіліп жатқан республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дауыс берушілердің қатарында Ақәділ Сейітхасанның қызмет барысында табысқан жұбайы Алима Несіпбай да бар.
Ағайынды полицейлер ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері абыроймен қызмет атқарып келеді. Айтуларынша, халыққа қорған болуды олар бала күндерінен армандап, ортақ шешім қабылдаған.