Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицей ару республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды

Маңғыстаулық полицей ару республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қыркүйек айының 15-17 күндері аралығында Тараз қаласында құқық қорғау органдары, күш және арнайы құрылымдарының қызметкерлері арасында «Динамо» дене шынықтыру және спорт қауымдастығының IX ведомствоаралық жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша дәстүрлі турнирi өткізілді.

Спорт – құқық қорғау органдарының айнымас серігі. Кәсіби полицей қызмет бабында кездесетін түрлі сын-қатерлерге дайын, батыл шешім қабылдай алатын, әсіресе, спорттық тұрғыда әбден шыныққан болуы қажет. Мұндай сайыстар полиция қызметкерлерінің жан-жақты дамуына және кәсіби даярлықтарын шыңдауға үлкен септігін тигізеді.

Аталмыш турнирдің де басты мақсаты ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейлерін арттыру, жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша дағдыларын жетілдіру, қару қолданудағы шеберліктерін, жалпы жауынгерлік әзірлігінің көрсеткішін анықтауға бағытталған. Жарыста Маңғыстау өңірінің намысын қорғаған жаны нәзік болса да, ерлермен қатар иық тіресіп, тартысты додаларда бой көрсетіп жүрген білікті де білімді облыстық ПД қызметкері – Наталья Евстигнеева.

Өткізілген жарыс қорытындысы бойынша маңғыстаулық мерген ару ПМ-5 жаттығуында сегіз секунд ішінде 3 нысанаға оқ атып, жүлделі үшінші орынға ие болды. Үздік нәтиже көрсетіп, мергендіктерін танытқан жеңімпаздар ҚР ІІМ медальдарімен, дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру