Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер синтетиканың жеткізілу арнасын жойды

Маңғыстау облысының полицейлері синтетиканың жеткізу арнасын жапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 700 грамнан асатын екі бума мефедрон алынды. Осылайша 1400-ден астам бір реттік мөлшердегі синтетиканың көлеңкелі нарыққа түсуіне тосқауыл қойылды.

ҚР ІІМ бейінді Департаментінде түсіндіргендей, ұсталған азаматша Ақтау қаласының аумағында түрлі Telegram-чаттар мен интернет-дүкендер арқылы сатуға арналған синтетикалық есірткілердің көтерме партияларын жеткізіп отырған.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі «Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматша мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық байланыстарды және осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қылмыстық Кодекске есірткі заттарын интернет ресурстарын пайдалану арқылы өткізгені үшін жазаны қарастыратын түзетулер енгізілді. Өткен жылы осы бап бойынша, дәлірек айтсақ электрондық ақпараттық ресурстар арқылы өткізу фактілері бойынша 133 есірткі қылмысы, ал жылдың басынан бастап бес факті тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру