Маңғыстаулық полицейлер тұрғындарға 9 млн теңгеден астам шығын келтірген әйелді ұстады
Маңғыстаулық полицейлер тұрғындарға 9 млн теңгеден астам шығын келтірген әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстаулық жергілікті тұрғындар қайтарымсыз ақша алуға және жұмысқа орналасуға көмектесемін деп алдап кеткен алаяқ әйелге қатысты полицияға арызданды. Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы көлемі 9 272 000 теңгені құрайды.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, құрықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысы бойынша ПД облыс тұрғындары мен қонақтарына сенімсіз есепшоттарға ақша аудармауды ескертеді.