Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлермен заңсыз тасымалданған бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстаулық полицейлермен заңсыз тасымалданған бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

10 қыркүйек сағат 23:30 шамасында Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы бойындағы тас жолда Toyota Hilux автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көлік құралының артқы жағында орналасқан жүк салғыш бөлігінен қапқа оралған 5 бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Белгілі болғандай, жүргізуші азамат балықты заңсыз тасымалдаған.

Балық салмағы 24,2 келіні құрайтыны анықталды. Қазіргі таңда тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесінің қызметкерлеріне табысталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру