Маңғыстаулық сақшылар алаяқты «ізін суытпай» ұстады
Маңғыстаулық сақшылар алаяқты «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сонымен, 2021 жылдың 1 қазанында жергілікті тұрғын «Samsung» өзгенің қоңырау шалу жөнінде өтінішімен, ұялы телефонын белгісіз адамға берген.
Алайда, алаяқ телефонды иесіне қайтармай, белгісіз бағытқа қашып кеткен. 23 жастағы жәбірленуші бірден Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жүгінді.
Криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдікті Атамекен ауылының тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Алаяқтардың арсеналында заңсыз байып кету мақсатында көптеген схемалар жинақталған. Олардың бірі – көшедегі алаяқтық.
Маңғыстау полицейлері облыс тұрғындары мен қонақтарын өте мұқият болуға және ұялы телефонын кім сұрайтынын және бұл ретте адамның өзін қалай ұстайтынын бақылауды ескертеді.