Маңғыстаулықтың көлігінен бекіре тұқымдас 67 келі балық табылды
Маңғыстаулықтың көлігінен 67 келі бекіре тұқымдас балық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түпқараған ауданында патрульдік полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 24 тамызы күні кешкі сағат 22:05-те “Ақтау-Ақшұқыр» автожолының 19 шақырымында «Chevrolet Lacetti» маркалы автокөлігімен бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдаған адамды тоқтатып, көліктен 67 келі болатын 15 дана бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі.
Аталған факті бойынша 34 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша Түпқараған ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, – деп атап өтті ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.