Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтау бойынша тұрғындарға күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда, Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда. Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, бетперде тағып жүру, арақашықтықты сақтауды бақылауда ұстауда.

Осындай кезекті рейд барысында, карантин режимін сақтамағаны бойынша 80 азамат анықталған. Олардың ішінде аудан орталығындағы базардың төрт сатушысы бетпердесіз сауда жасаған және жанар-жағармай бекетінде 12 азамат анықталса, құрылыс дүкендері бойынша алты тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін, тиісті органға жолданып, айыппұл салынды.

Мысалы, Мақтаарал ауданының көшелерінің бойында орналасқан азық-түлік дүкенінің сатушысы медициналық бетпердесіз тұтынушыларға қызмет жасағаны анықталған. Сонымен қатар рейд барысында мұндай жайт бірнеше рет орын алған.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданында арнайы құрылған мобильдік топ өкілдері облыс аумағындағы тойханалар мен мейрамханаларды, дүкендерді тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда заңды шара көрілетіні туралы айтты. Әрбіріміз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Ел қамын ойлайтын азаматтарымыз, ұлттың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру