Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал ауданында велосипед ұрлаған тұрғын анықталды

Түркістан облысының полицейлері бөтеннің мүлкін ұрлаған егде жастағы ер кісіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын «Galaxy» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, Қожанов көшесінің бойында орналасқан дүкеннің алдында тұрған өзіне тиесілі құны 45 мың теңге тұратын велосипедін белгісіз біреулер ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 45 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, бірден іске кіріседі.

Хабар алысымен оқиға орнына жеткен полицейлер, велосипед ұрлаған ұрыны табу жұмыстарын атқарады. Тәртіп сақшылары ұрлық болған және оған жақын аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларын тексереді. Осылайша тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ер адамды жергілікті мекенжайынан ұстады. Мақтаарал АПБ-не жеткізілген ер адам өзінің кінәсін толық мойындады.

Белгілі болғандай, күдікті жеңіл жолмен пайда табу мақсатында, дүкеннің алдындағы велосипедті білдіртпей ұрлап кеткен. Содан оны үйіне апарып тығып қойған. Полицейлер егде жастағы күдікті ер кісіден велосипедті тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мүліктеріңіздің сақталуы үшін мұқият болу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру