Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда 21 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматы анықталды

Түркістан облысында «Заңсыз келуші-2021» іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың шілде айының 05-12 күндері аралығында Республика көлемінде «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар ҚР-на келу, ҚР-да болу, ҚР-нан кету ережелерін сақтау болып табылады.

Аталған шара барысында Мақтаарал АПБ-ның көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Мақтаарал ауданында жалпы 21 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматын анықтап, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жұмыс беруші ҚР 2 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама түзілді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру