Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда дәмханадан телефон мен ақша ұрлаған күдікті қолға түсті

Мақтааралда дәмханадан телефон мен ақша ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірді. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның дәмханасынан Iphone 13 телефоны мен кассада тұрған 15 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 385 мың теңгені құрады. 

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.  Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, ұрлық болған дәмханаға бет алды. Дәмхана иесі мен басқа да көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын және сол аумақты мұқият тексерді. Жедел-іздестіру нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол дәмханада жұмыс жасайтын жас қыз болып шықты.  

Белгілі болғандай, қыз түскі уақытта дәмхана иесінің ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, оның сөреде тұрған телефоны мен ақшасын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда телефон заңды иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру