Мақтааралда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өтті
Түркістан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде рейдтік-профилактикалық шараларды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің бұйрығымен осы жылдың 2-4 желтоқсан күндері аралығында Мақтаарал ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс шараның басты мақсаты – қылмыстың алдын алу, бұрын болған қылмыстарды ашу, жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Іс-шара аясында Мақтаарал ауданының полицейлерімен 35 аула, 17 қора-жай тексерілді. Оған қоса 428 есепте тұрған тұлғаға бақылау жүргізіліп, олармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары атқарылды.
Іс-шараның үш тәулігінде жалпы 400-ге тарта әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 250-ден астамы жол саласы бойынша, ал 39 көлік айыптұраққа қойылды. «Кибер-шериф», «Крис-П», дрон арқылы жол қозғалысы ережесін бұзған көліктер анықталып, жүргізушілері жауапқа тартылды. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері жол ережесін сақтауды, жылдамдықты асырмауды, қарсы бағытқа шықпауды ескертеді.