Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда тұрғынның үйінен тіркелмеген атыс қаруы табылды

Түркістан облысының полицейлер «Қару-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінен келіп түскен нұсқау хатына сәйкес Түркістан облысы аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды, оқ-дәрілерді тәркілеу, оларды сататын орындарды анықтау, атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 17.05-17.06 күндері аралығында «Қару-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы тұста Мақтааарал АПБ ЖПҚ УПИ қызметкерлерінің жүргізген рейдтік шараларының барысында жергілікті тұрғынның үйінен ішкі істер органына тіркелмеген, ИЖ-17 маркалы, калибрі 20 мм, бір тегіс ұңғылы аңшылық атыс қаруы табылып, тәркіленіп алынды. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар іс-шараның өткен бес күнінде Мақтаарал АПБ қызметкерлерімен ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтық және қызметтік қару иелерімен қару айналымының ережелерін бұзғаны үшін жалпы 19 әкімшілік құқықбұзушылық жайттары анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша – бір хаттама, 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) сегіз хаттама түзілсе, 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша төрт хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ескертеді, мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады. Сондықтан заңсыз қаруыңыз болса, міндетті түрде жақын маңдағы полиция бөліміне тапсырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру