Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық мас жүргізуші анықталды

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік тізгіндеген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобы қызметі инспекторлары мен Келес АПБ ӘПБ Әкімшілік практика тобының инспекторлары бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, тұрғындардың тыныштығын қадағалауда. Тәртіп сақшылары осындай кезекті рейд барысында, мас халде көлік басқарудың жайтын анықтады.

Полицейлер кешкі сағат 18:30 шамасында жол ережесін бұзып келе жатқан «Opel Veсtra» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің мас халде екенін байқап, ПБ-не жеткізген. Оған қатысты сараптама тағайындалып, оның қорытындысымен «ауыр дәрежелі» мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлерімен аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты сот 15 тәулік қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру туралы қаулысы шықты.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру