Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер мал ұрысын қолға түсірді

Мақтааралдық полицейлер мал ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға мал ұрысының құрбаны болған тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, күндізгі уақытта егістік алқапта жайылып жүрген ірі қара малдарын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленуші ер адамға келтірілген жалпы шығын көлемі – екі миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында мақтааралдық қырағы полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер куәлардан жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлары мен мал тасымалдайтын көліктерді мұқият тексерді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталды.

Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары анықталған күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жүк көлігі бар өзінің танысын алдап шақырып, аталған үй малдарын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша қолды болған жылқыларды Сайрам ауданында сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің тағы бір мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Онда да жергілікті тұрғынның бір бас айғырын ұрлап, 900 мың теңге шығын келтіргені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру