Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер музыкалық аппарат пен құрылысқа қажетті құралдарды ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Мақтааралдық полицейлер музыкалық аппарат пен құрылысқа қажетті құралдарды ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне аудан орталығының тұрғыны арызданып, оның құрылыс құралдары мен музыкалық аппараттарының ұрланғандығы туралы хабарлаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі – 150 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Оқиға орнына келген аудандық полиция қызметкерлері аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, басқа да жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Жедел шаралар нәтижесінде, Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлері құрылыс заттары мен музыкалық аппаратты ұрлаған күдіктіні қолға түсірді. Ол жәбірленушінің ауылдасы, Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған құралдар мен музыкалык аппаратты тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру