Мақтааралдық қарт анаға полицейлер құжатын рәсімдеуге көмектесті
Мақтаарал ауданының тұрғыны полицейлерге жеке куәлігін рәсімдеуге көмектескені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-нің Көші-қон полиция қызметкерлері 88 жастағы ана Разия Досқараеваға құжаттарын қайта рәсімдеуге көмектесті. Мүмкіндігі шектеулі қарт әжейдің жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен.
Полицейлердің жұмысына көңілі толған Разия ана: – Өз бетімше жүріп-тұруым қиын, осы тұста құжатымның мерзімі де бітіп, қайта рәсімдеу керек болды. Мақтаарал ауданының Көші-қон полициясының қызметкерлері қысқа мерзім ішінде маған жаңа жеке куәлік алуға көмектесті. Мені ары-бері саңдалтпай, уақытымның көп бөлігін үнемдеп полиция қызметкерлері аз уақыт ішінде құлағымды дайындады. Барлық полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде істеріне мұқият қарағаны үшін үлкен рахмет. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-нің Көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Бауыржан Байбосыновқа ерекше алғысымды білдіремін. Баршаңызға жұмыста табыс тілеймін, – деп ақ батасын берді.
Атап өтетін жайт Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары үнемі жалғастыратын болады.