Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер орталық көшелердің бірінде «Daewoo Nexia» маркалы автокөлік жүргізушісі күдік тудырған. Содан тәртіп сақшылары көлікті тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның мас екені анықталды. Полицейлер күдіктіні бірден бөлімшеге жеткізді.

Оған қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай «орта» дәрежелі мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы мен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Қазіргі таңда ішімдік ішкен азаматты көлік тізгіндегені үшін сот 15 тәулік қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру туралы қаулысын шығарды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру