Мақтааралдықтан сіріңке қорабына салынған марихуана тәркіленді
Мақтааралдықтан сіріңке қорабына салынған марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінен хабар келіп түскен. Онда сырттай танысы есірткі затын сақтайтыны туралы көрсетілген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру шараларына бірден кірісті.
Полиция қызметкерлерінің жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ер адам Мақтаарал ауданындағы көшелерінің бірінен анықталды. Содан полицейлер азаматтың жеке басын анықтайтын құжатын сұрайды. Осы сәтте күдіктіден сіріңке қорабына салынған есірткі заты табылды. Полицейлер оны тексеру барысында хош иісті есірткіге ұқсас зат екенін анықтады.
Жаяу жүргіншіден айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген «марихуана» екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.