Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдықтар көмекке келген полицейлерге алғыс айтты

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы тасқын су алған ауылда тәулік бойы қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларына халық алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазірде тәртіп сақшылары әлі де ауыл көшелерін аралап, ұрлықтың алдын алу, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Мақтарал аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Ерлан Төлеген су ортасында қалған екі тұрғынды қауіпсіз аймаққа алып шыққан. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Көпшілік те полиция қызметкерін қолдаған пікірлерін білдіріп, ықыластарын жеткізді.

-«Бізге екі адамның қырда, су ортасында қалып кеткендігі жайында хабарлама түсті. Дереу іске кірісіп, оқиға орнына жолға шықтық. Қайықпен барып, қырда тұрған екі адамды алып қайттық. Белгілі болғандай, ол екі кісі жайылымнан қайтпаған қойларын іздеп шыққан екен. Бірден келген тасқын судың ортасында қалып кеткен. Қазір жағдайлары қалыпты», – дейді полицей.

Ерлан Төлегеннің үйіне де судың өту қаупі көп болған. Сондықтан отбасын Сарығашқа жіберіпті. Қазір өзі қызметте. Күні-түні қоғамдық тыныштықты сақтау ісін атқарып келеді.

Учаскелік полиция инспекторы Ибадулла Жақсылықов қазір қоғам күзетінде жүр. Әрбір көшені аралап, қараусыз қалған үйлердің мүлкіне бас-көз болады. Арасында халыққа жәрдем беріп, жағдайын жасайды.

Отбасына бармағалы бүгін 10 күн өткен.

– «Су басқан Өргебес ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтаудамыз. Қылмыстың алдын алу, тонау қылмыстарының алдын алу жұмыстарын атқарып жатырмыз», – дейді Ибадулла Сапарұлы.

Топан судан бірнеше ауыл тұрғыны зардап шекті. Олардың ішінде Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебастықтар бар. Төтенше жағдай орын алған тұста мақтаралдық полиция қызметкерлеріне
Келес, Сарыағаш, Жетісай аудандарының да тәртіп сақшылары көмекке келді. Оларда тәулік бойы қызмет атқарды.

Келес аудандық полиция бөлімінің полицейлері Фирдоуси елді мекенінде құтқару жұмыстарын жүргізу барысында үйінде қалып қойған егде жастағы адамды тауып, қайықпен қауіпсіз аймаққа алып шыққан. Қазір қарияның жағдайы қалыпты. Отбасымен қауышып, қажетті көмекті алып жатыр.

Өргебас ауылын аралау барысында тізесінен жараланып, жүре алмай қалған Бағдаулет Бимырзаевқа да полиция қызметкерлері алғаш болып көмекке келген.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкері Сырбек Мамытов су ортасында қалған көліктегі тұрғынға көмек беріп, көлігімен бірге қауіпсіз жерге дейін алып шыққан. Сондай-ақ, аулаларда қалып қойған төрт түлікті босатып, қауіпсіз жерге айдапты. WhatsApp желісінде батпақ арасында жатқан бұзауды көтеріп алған көріністе көпшілікке үлкен әсер сыйлады. 

Осылайша тосыннан болған су тасқынының салдарынан барынан айырылған
тұрғындарға полицейлер барынша қолдау білдіріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру