Мақтааралдықтар полицейлерге алғыс білдірді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары полиция қызметкерлеріне төтенше жағдайды жоюға көмектескені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шеккен ауылдарына келді. Атап айтқанда, министр Е.Тұрғымбаев тұрғындар қиын жағдайға тап болған Өргебас және Фердоуси ауылдарында жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының барысымен танысты.
Бүгінгі күні Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарының полиция және ТЖД қызметкерлері су басқан аумақта суды шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар авариялық-құтқару жұмыстарына Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай қызметкерлері де көмекке келген.
Осы арнайы техника мен мотопомпалардың көмегімен ТЖ қызметкерлері Фердоуси және Өргебас кенттерінің үйлері мен көшелерінен суды айдауда, ауылдың бір бөлігі судан босатылған.
Барлығы бес елді мекенде, оның ішінде Фердоуси және Өргебас ауылында 1000-нан астам үй су астында қалды. Аталған екі ауылдан барлығы 3838 жергілікті тұрғындар эвакуацияланды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Ұлттық Ұланның әскери қызметкерлері және еріктілерлермен бірге Мақтаарал ауданының тұрғындарына қалып қойған мүліктерін, құжаттарын, автокөліктері және үй жануарларын көшіруге көмектесуде, сондай-ақ азық-түлік таратып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр.
Қазіргі уақытта ТЖ орнында 1,6 мыңнан астам адам, 300-ге жуық арнайы техника мен 196 мотопомпа жұмыс істейді, сондай-ақ 17 жүзу құралы пайдаланылып келеді.
Өргебас және Фердоуси ауылдарының тұрғындары полиция қызметкерлеріне, құтқарушыларға және еріктілерлерге шынайы ризашылықпен алғыс білдірді.
Мысалы, Өргебас кентінің тұрғындары Базарбек Қыдырбекұлы мен Омар Абдрахман барлық көршілері мен ауыл тұрғындары атынан төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап көмек көрсетіп, малдарын және мүліктерін құтқарған тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы Мақтаарал ауданы ТЖ аумағында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.