Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Марат Ахметжанов ІІМ және өңірлік полиция қызметі басшысы лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесті

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоның орталық аппараты қызметтерінің, сондай-ақ облыстық және аудандық полиция бөлімшелерінің басшылық және басқа да түрлі лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Олардың әрқайсысымен сөйлескен министр ішкі істер органдары басшыларына қойылатын нақты талаптар мен міндеттерді еске салды. Себебі Жаңа Қазақстанның полицейі көпке үлгі, кәсіби маман болуы тиіс.

Бұл күні министрдің өкімімен:

  • Жанар Қожахметова – Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына;
  • Асылбек Саменов – Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары м.а. лауазымына;
  • Александр Попов – Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары м.а. лауазымына;
  • Ернар Базаров – Абай облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына;
  • Нұрмахан Жалғасов – БҚО ПД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Марат Ахметжанов қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдері бастықтарының рөлін ерекше атап өтті.

– «Министр – ПД бастығы – қалалық ПБ / аудандық ПБ бастықтары» – бұл қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдері басшыларының жауапкершілігін арттыратын басқарудың үш деңгейлі моделі. Қызметкерлердің моральдық-жауынгерлік рухы, аймақтағы атмосфера сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңізге байланысты. Аудандарда және қалаларда біздің негізгі бөлімшелер орналасқан. Онда басқа жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, халықпен байланыс орнату сынды министрлікке жүктелген міндеттер орындалады. Сіздер өздеріңізге бекітілген аймақта не болып жатқанын, қауіптің қай жақтан төнетінін күн ілгері білуге тиістісіздер, сондай-ақ өтініштерге уақтылы ден қойып, дер кезінде заңды, дұрыс және жауапты шешімдер қабылдау қажет”, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Марат Ахметжановтың айтуынша, гендерлік теңдікті сақтап, қызметтегі әйелдердің өкілеттіктерін кеңейту мақсатында ішкі істер органдарында басшылық лауазымдарға тәжірибелі әйел қызметкерлер тағайындалатын болады.

Сондай-ақ жаңа лауазымдарға тағайындау үшін төмендегі үміткерлер министрдің келісіміне ұсынылды:

  • Милира Қасенова – Көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды есепке алу басқармасының бастығы лауазымына;
  • Жанна Ержанова – Көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды есепке алу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына;
  • Ролан Оразғалиев – Абай облысы ПД Үржар ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына;
  • Әсет Қалиев – Ақтөбе облысы ПД Алға аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына;
  • Шалқар Дәулетқұлов – Жамбыл облысы ПД Т.Рысқұлов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына;
  • Айшуақ Сейітқазиев – БҚО ПД Жәнібек ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына;
  • Алмас Серікбаев – Түркістан облысы ПД Түлкібас ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру