Мас ақмолалық танысының үйіне терезені сындырып кірген
Мас ақмолалық танысының үйіне терезені сындырып кірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 сәуірде сағат 22.00-ден кейін Ерейментау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның телефон хабарламасы келіп түсті. Әйел ауыл тұрғыны мас күйінде оның үйіне терезені сындырып, ішке кіргенін хабарлады. Бұл кезде үйде кәмелетке толмаған балалар болған. Қаскөйдің айғақтарына сәйкес, ол жәбірленушімен осындай заңсыз және қоғамға қарсы тәсілмен тілдеспек болған.
Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ерейментау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің ақпараты бойынша, бұрын құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, бұрын қаскүнемге қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленген.