Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас ақтөбелік көлігін аударып тастады

Ақтөбе облысында мас жүргізуші көлікті игере алмай, жол жиегінде аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 шілде сағат 17.30-да «ВАЗ-21015» автокөлігінің жүргізушісі Алға ауданы Көктоғай ауылы жағынан Ақтөбе қаласына қарай жолда келе жатып, жол қозғалысының ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған жағдайда көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай, рульдік басқаруды игере алмай, жолдың оң жақ жиегіне аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес көлік жүргізуші масаң күйде болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру