Мас халде КаМАЗ жүк көлігін басқарған түркістандық анықталды
Мас халде КаМАЗ жүк көлігін басқарған түркістандық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара ауданы ПБ-ның қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде.
Осы тұста полицейлер түнгі сағат 21:00 шамасында блок-бекеттен өтпек болған КаМАЗ жүк көлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері оны тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде екенін аңғарады. Бұл жайттың анық-қанығына көз жеткізу үшін оған медициналық сараптама тағайындап, оның нәтижесі бойынша жүргізушінің алкогольді ішімдік қолданғаны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.
Шардара аудандық сотының қаулысымен жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды