Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас халде қоғамдық тыныштықты бұзған тұрғын ұсталды

Түркістан облысының полицейлері мас халде қоғамдық тыныштықты бұзған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті дәмханалардың бірінде мас халде тұрғындардың мазасын алып жатқан тұрғын туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауға кіріседі. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны бірден сабырға шақырғанымен ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, өзінің  дөрекі мінезін көрсетіп, балағаттауын жалғастыра береді.

Осыдан соң полицейлер ер адамды тез арада полиция бөлімшесіне  жеткізеді. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 378-бабы (Билік өкілін қорлау)  бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құқық бұзушыға қатысты тергеу аяқталып, іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мас күйде жүріп, тұрғындардың мазасын алмау керектігін ескертеді. Сонымен қатар, өз қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдерін балағаттап, оларға күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді. Сондықтан қарсылық көрсетіп, құқық бұзушылық жасағанша, өз қауіпсіздігіңізді ескеріп, заң талаптарына бағынғандарыңыз жөн.

Егер де сіз осындай оқиғалардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицейлерге хабар беріңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру