Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік айдаған жүргізуші қамалды

Түркістан облысының полицейлері кезекті жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының ортасында Түлкібас ауданында аудан орталығының көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция инспекторларының назарына жол қауіпсіздік ережесін бұзған «ВАЗ» маркалы автокөлігі түсті. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Алайда, Түлкібас ауданының тұрғыны өзін ақтау мақсатында тек «қымыз« ішкенін жеткізді. Нәтижесінде медициналық куәландыруға сәйкес, құқық бұзушыда «Алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі» екені анықталды.

Мас жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция жиналған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Түлкібас аудандық сотының шешімімен жүргізуші жеті жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 11 қаңтардан бастап ҚР әкімшілік заңнамасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес мас халде көлік құралын басқарғаны үшін жеті жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айыру және 15 тәулік қамауға алу көзделген. Осы бап қайта бұзылған жағдайда, жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының жүргізушілері мен тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде рульге отырмауға шақырады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін абай болу, қашықтық пен жылдамдық режимін сақтау, қарсы қозғалыс жолағына шықпау және маневр жасау ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді. Сондықтан жол ережесін сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру