Мас күйде трактор жүргізген ер адам ұсталды
Павлодар облысының Ертіс ауданының полицейлері мас тракторшыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полицейлер 29 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – жеті, қоғамдық қауіпсіздік бойынша – 22.
2020 жылғы 25 тамызда сағат 11:30 шамасында Ертіс ауылының маңында дала жолымен «Т-40 тракторы» тоқтатылды, оны аудан орталығының 1974 жылы туған тұрғыны Н. басқарды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес механизатор тракторды мас күйінде басқарған.
Ұсталған тракторшыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Ер адам 15 тәулік қамауға алынып, жеті жыл жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.